Думан Таев Шымкент полициясын басқарады
Сурет: polisia.kz
Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа басшыны қала активіне министр Марат Ахметжанов таныстырды.
Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды.
Кейінгі лауазымы – Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы. ІІМ басшысы оның тәжірибесі мен кәсібилігін ерекше атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript