Молдованың экс-президенті Игорь Додон мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды

Молодова президенті қамауға алынды Сурет: dodon.md
Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен 72 сағатқа қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sputnik Moldova агенттігінің хабарлауынша, тергеу төрт бап бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында жүргізілуде: ​​жемқорлық, саяси партия үшін қылмыстық ұйымнан қаржы алуы, заңсыз баю және мемлекетке опасыздық.

Молдованың экс-президентіне тиесілі үй мен кейбір үй-жайлар тінтілді.

Тергеу амалдары жалғасуда. Ол 72 сағатқа қамауға алынды. Молдова Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Марианна Керпек

18 мамырда Молдованың бас прокуратурасы Игорь Додонға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Оған 2019 жылғы бейнежазбалар себеп болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз