Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда бір мезгілде мың оқушы күй тартты

Назарбаев зияткерлік мектебі, Гиннестің рекордтар кітабы, күй, домбыра, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 10:38 Сурет: NIS
Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте мың оқушы бір мезгілде домбыра тартты. Оны Гиннесс рекордтар кітабына тіркеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ең ауқымды домбыра сабағына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижерлік етті.

Назарбаев зияткерлік мектебі, Гиннестің рекордтар кітабы, домбыра, күй, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 10:38

Сурет: NIS

Мыңдаған оқушының орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды атақты күйлер күмбірлеп, туындылардың шығу тарихы баяндалды.

Домбыра – әрбір қазақ үшін қасиетті аспап, ал біздің сабағымызды Гиннесс рекордтар кітабына енгізу – бұл домбыраны бүкіл әлемге паш ету.Айтжан Тоқтаған

Guinness World Records-қа (GWR) өтінім 2021 жылдың желтоқсан айында берілді. Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалады. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз стюард бақылап, бейнежазба аймағынан шыққан немесе қажетті әрекетті орындамаған топтағы кез-келген қатысушыны дисквалификациялау жұмысына жауапты болды. Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауы мен Кітаптың барлық критерийлерінің толық сақталуын қамтамасыз етті.

Guinness World Records ережелеріне сәйкес ауқымды сабақ басталар алдында барлық қатысушы екі тіркеу пунктінен өтті: біріншісі – жеке бейдждерін сканерлеп, «Кандидат-маркер» бағдарламасы арқылы аймаққа кірді, екіншісі – кезекші қатысушылардың механикалық есебін жүргізді.

Бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй тартуы – әлемдегі тұңғыш оқиға. Қазақстандық рекорд аса көрнекті жетістіктер мен бірегей құбылыстар туралы жаһандық анықтамалыққа енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: