«Бәйтерек» холдингі егіс науқанын қаржыландыру көлемін екі есе арттырды

Бәйтерек холдингі Сурет: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Баспасөз қызметі
Қазақстанда көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары қарқынды қаржыландырылуда. Кредит «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) беріледі.

Биыл фермерлерді қолдау мақсатында «Бәйтерек» холдингі көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды екі есеге - 70 млрдтан 140 млрд теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Қаржыландыру «Кең дала» бағдарламасы шеңберінде екі бюджеттік кредит есебінен әрқайсысы 70 млрд теңгеге жылдық 1,5% бен 5% аралығындағы жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша беріледі.

Бірінші бюджеттік кредит шеңберінде 3,7 млн га жерді өңдеу үшін 2,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржыландырылды.

Екінші бюджеттік кредит шеңберінде 435 аграршы 14,2 млрд теңге қаржыландыру алды, бұл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасын 84,2 млрд теңгеге жеткізіп, 3,8 млн гектардан астам егіс алқаптарын қамтуға мүмкіндік берді. Қаржыландыруға өтінімдер әлі де қабылданып жатыр.

Бұл ретте, екінші бюджеттік кредит шеңберінде берілетін қарыздардың басты ерекшелігі – оларды АНК-да 2023 жылдың 1 наурызына дейін өтеуге болады. Бұл фермерлерге келесі жылдың басында астықты әдеттегідей жоғары бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Жеңілдетілген кредиттер фермерлерге тыңайтқыштар мен пестицидтер, жанар-жағармай, сапалы тұқымдар мен ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер сатып алу, сондай-ақ қызметкерлерге жалақы төлеу мақсатында айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік береді.

Қарыз алушылар Аграрлық несие корпорациясының филиалдық желісі, сондай-ақ басқа да қорландырылатын қаржы ұйымдары – банктер, микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер арқылы қажетті қаржыландыруға ие болуда.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз