Министрлердің халықпен кездесу кестесі бекітілді

ҚР премьер-министрі, министрлердің қабылдау кестесі, министр, кесте Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуінің 2022 жылға арналған кестесі бекітілген ҚР үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелеріне өңірлерге барып есеп беруді, қазақстандықтарды елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етуді, атқарушы органдардың ел тұрғындары алдында есеп беруі мен жауапкершілігін күшейтуді, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тартуды тапсырған болатын.

Аталған кездесулер кезінде министрлер өз саласы бойынша азаматтарды жеке қабылдайды. Бірінші кезекте жергілікті деңгейде шешімін таппаған және ведомствоаралық тәсілдерді қолдануды талап ететін проблемалық мәселелер қаралады, – делінген үкімет басшысының ресми сайтында.

Негізгі жаңалық – кездесудің кемінде 75%-ы «сұрақ-жауап» форматында өтеді.

Министрлер кездесулердің қорытындысы мен халықтың проблемалық мәселелері бойынша қабылданған шешімдер туралы үкіметте есеп беруі тиіс.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының кездесу кестесімен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз