Жаңалықтар тізбегі
0

Еститін мемлекет: министрлердің халықпен кездесуі қалай өтеді

Халықпен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 11:31 Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен тұрақты кездесуін ұйымдастыру және өткізу туралы» мемлекет басшысының жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz

Жарлық жобасына сәйкес орталық атқарушы органдарға мына шараларды орындау ұсынылады:

  • Жыл ішінде жергілікті халықтың мәселелерін жедел шешу мақсатында «сұрақ-жауап» форматында халықпен тұрақты кездесулер (бұдан әрі – өңірлік кездесулер) өткізу;

  • Техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ қажет болған жағдайда аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен бейнеконференцбайланыс арқылы пікір білдіру мүмкіндігінің міндеттілігімен онлайн-трансляцияны ұйымдастырумен өңірлік кездесулер өткізуді қамтамасыз ету;

  • Өңірлік кездесудегі баяндама жоспарланған уақыттың төрттен бір бөлігінен аспауы.

Халықпен өңірлік кездесу өткізгенге дейін мына шараларды орындау ұсынылады:

  • өңірлерді саралау және басымдылықтарын анықтау мақсатында өңірлер бөлінісінде ағымдағы жағдайға талдау жүргізу;

  • жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары мен ведомство төрағаларының кездесулерін өткізудің жоспарланған күндері мен форматын (онлайн/офлайн) көрсете отырып, ақпараттық ашықтық және халықпен коммуникация жоспарын (бұдан әрі – ведомстволық жоспар) әзірлеу және бекіту;

  • орталық мемлекеттік орган басшыларының халықпен өңірлік кездесулерінің жылдық кестесін (бұдан әрі – кесте) қалыптастыру үшін жыл сайын, жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының өңірлік кездесулері бойынша ұсыныстарды ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолдау;

  • орталық атқарушы органдардың салалық құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен бейнеконференцбайланысты өткізу орнын айқындау және ұйымдастыру мәселелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалары мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу;

  • салалық сарапшыларға, заңгерлерге, партия, қоғамдық ұйымдар және сындарлы оппозиция өкілдеріне шақыру таратуды жүргізу;

  • өңірлік кездесулерді ресми интернет-ресурстарда, ресми аккаунттарда және әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарда, сондай-ақ кесте мен ведомстволық жоспарды  жариялау үшін жалпыға қолжетімді орындарда және алдағы кездесулерге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жіберу тәсілдері туралы ақпаратты ақпараттық жария ету;

  • ақпарат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен өңірлік кездесуді өткізудің барлық кезеңдерінде тұрақты ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және алмасу.

Халықпен әрбір өңірлік кездесу өткізілгеннен кейін мына шараларды орындау ұсынылады:

  • Азаматтарды жеке қабылдауды өткізу; 

  • Коммерциялық емес ұйымдармен салалық кездесу өткізу; 

  • Бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізу;

  • Әрбір өңірлік кездесудің қорытындылары бойынша барлық айтылған мәселелерді саралауды және оларды жүйелеуді жүргізу;

  • Өңірлік кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын орталық атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырсын.

Қандай да бір өңірде жетекшілік ететін салада жағдайдың нашарлауы болжанатын не туындаған тәуекелдер жағдайында орталық атқарушы органның бірінші басшысына кестеден тыс халықпен өңірлік кездесу өткізуге құқығы бар.

ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жарты жылда бір рет орталық атқарушы органдарға өңірлер халқы көтерген жүйелі проблемалар мен мәселелер туралы ақпарат берсін.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдеріне:

  • Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен өңірлік кездесулеріне қатысу;

  • Кездесулер ұйымдастыруға мүдделі тұлғалардың, оның ішінде мәслихат депутаттарының, сарапшылардың, заңгерлердің, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сындарлы оппозиция өкілдерінің кең аудиториясын тарту;

  • Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерінің қорытындылары бойынша жарты жылда бір рет орталық атқарушы органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешуді талап ететін өңірдің жүйелік проблемалары жөніндегі ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жолдасын.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әкімдерін халықпен тұрақты кездесулерінің қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алынған ақпаратты жинақтайды және өңірлік кездесулерді өткізу кезінде есепке алу үшін құзыреті бойынша орталық атқарушы органдарға жолдайды.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша өңірлік кездесулердің қорытындылары бойынша халық көтерген проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдау;

  • Жартыжылдық негізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарында өңірлік кездесулерді өткізу қорытындыларын қарау;

  • Орталық атқарушы орган басшылары мен олардың орынбасарларын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында коммуникациялардың қазіргі заманғы дағдыларына сәйкес оқыту;

  • Өңірдің салалық басымдығын негізге ала отырып, кестені жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей бекіту;

Құжаттың толық мәтіні 24 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: