Қазақстан Мәскеуде ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілдігін ашады
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігін ашу туралы мемлекет басшысының жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz
"Мәскеуде (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылсын", – делінген құжатта.
Қаулы жобасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі мәртебесін сәйкестендіру мақсатында әзірленіп отыр. Мұндай өзгеріс ҰҚШҰ-ның нормативтік құқықтық базасына және ҚР дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес дайындалады.
Бұл қаулы жобасын іске асыру үшін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілетті өкілін және оның аппаратын ҚР шетелдердегі өкілдіктерінің бірыңғай штат санына енгізу үшін Сыртқы істер министрлігінің штат санының лимитін өзгерту қажет болады.
Құжат қоғамдық талқылау үшін 15 ақпанға дейін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript