Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев пен Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан, Қырғызстан, іскерлік сапар, келіссөз, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2022 12:12 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Қырғыз Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қырғызстан, Қазақстан, келіссөз, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2022 12:12

Сурет: akorda.kz

Тоқаев шақыртуды зор ризашылықпен қабыл алғанын айтты.

Осы маңызды сапар елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына зор серпін беретіні сөзсіз. Соның арқасында стратегиялық серіктестігіміз де нығая түспек. Қырғызстан – Қазақстанға барлық жағынан ең жақын ел. Оны күмәнсіз айтуға болады. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Оның айтуынша, биыл Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толды.

Осы кезеңде ынтымақтастық аясы барынша кеңейіп, достығымыз нығая түсті. Біз барлық деңгейде өзара сенімге негізделген саяси диалог орнаттық. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық кеңестеріміз бар. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрліктері ықпалдаса жұмыс атқаруда. Қазақстан тек Қырғыз елімен осындай тығыз байланыс орнатқанын ерекше атап өткім келеді.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Садыр Жапаров өзінің шақыруын қабыл алып, Қырғызстанға ресми сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан президентінің бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті.

Біз – ынтымақтастығы жарасқан бауырлас елдерміз. Екі ел арасында, тіпті өңірлеріміздің деңгейінде де ешқандай түсінбестік болған емес. Толықтай достық рухта бірге дамып келеміз.Қырғызстан президенті Садыр Жапаров

Мемлекеттер басшылары бұдан кейін саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: