Қазақстанда кафе мен мейрамханаға бару қымбаттады
Кафе мен мейрамханаға бару өңірлер арасында Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті: бір айда 12,1%-ға көтерілген.
Көшбасшы үштікке Нұр-Cұлтан мен Жамбыл облысы да кірді. Еліміздегі 17 облыстың ішінде тек Алматыда, сонымен қатар Алматы және Павлодар облыстарында баға өзгерген жоқ, – делінген Finprom.kz хабарламаcында.
Бір айда мейрамханадағы түскі ас 0,2%-ға, фаст-фуд 0,9%-ға, асханадағы түскі ас 5,7%-ға өсті. Жылдық динамика бойынша фастфуд 11,4%-ға, мейрамханадағы түскі ас 12,6%-ға, асханадағы түскі ас 15,7%-ға қымбаттады.
Басылым ТМД елдері арасында салыстырмалы түрде арзан мейрамханалар мен фастфуд дүкендеріне бару Ресей тұрғындары үшін ең қымбаты екенін мәлімдеді.
Биыл төртінші тоқсанда әр қазақстандық сыртта тамақтануға орта есеппен 2,7 мың теңге жұмсаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 36%-ға артық. Салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде сыртта тамақтану құны жан басына шаққанда 2 мың теңге болды, жылына минус 31,9%.