Қазақстанда шарап күрт қымбаттады
Сурет: unsplash
Сарапшылар Қазақстанда шарап бір жылда рекорд жасап, 15% қымбаттағанын есептеді. Бұл - 2015 жылдан бергі ең жоғары баға өсімі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Energyprom.kz есебіне сәйкес, 2022 жылдың қарашасында шарап бағасы 0,9% өсті. Жыл басынан бері шарап 14,7% қымбаттады.
"2021 жылдың қарашасымен салыстырғанда шарап Қазақстанда орташа есеппен 15,3% қымбаттады. Бұл - кейінгі 7 жылдағы рекордтық көрсеткіш", - делінген хабарламада.
Шарап бағасының ең жоғары өсуі екі облыста тіркелді: Абай және Қызылорда облыстарында: бірден 23,8%.
Одан әрі қарай:
Қарағанды облысы (22,2%);
Ақтөбе облысы(19,7%);
Түркістан облысы (19,3%).
Ең аз қымбаттау Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақмола облыстарында байқалды.
Сонымен қатар шарап экспорты бірден 54,9 есеге өскені айтылады, бірақ бұл шамалы ғана, 219,6 мың литр. Ішкі нарықтағы сату көлемі 23,1% өсіп, 28 млн литр болды.
14 қарашада зерттеушілер Қазақстанда бір жылда киім-кешек 15% қымбаттағанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript