Қазақстан ғалымдары әзірлеген гидрогельді қолдану арқылы 15 адамға операция жасалды

Қазақстан ғалымдары жасаған операция Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Ғалымдардың айтуынша, ұқсас диагноздармен емдеудің бірнеше әдісі бар. Бірақ гидрогельді қолдану – зақымдалған буындар мен шеміршекті толығымен қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жалғыз тәсіл, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзіміздің ғалымдар әзірлеген бірегей фибринді гидрогельді қолдану арқылы 15 қазақстандыққа тізе буынының шеміршегін қалпына келтіру операциясы жасалды.

Олардың көбі – буын аурулары мазалайтын 50 жастан асқан адамдар. Ал алғашқы науқас оң жақ тізе буынының артрозы бар 28 жастағы азамат болды.

Сынықтар мен зақымдалған тізе буындарының жазылуын тездететін жаңа техниканы әзірлеушісі – Қазақстан ғалымы, Ұлттық биотехнологиялық орталықтың дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячеслав Огай. Гидрогель Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жасалды. Қазір ғылыми жобаға Ұлыбритания елшілігі қызығушылық танытып отыр.

Үш айда фибринді гидрогельді клиникада сынау үшін 15 еріктіге операция жасадық. Пациенттердің көбі – буындарында жасына байланысты өзгерістері бар адамдар. Операция 15 минуттан 25 минутқа дейін созылады. Сонымен қатар барлық операция штат режимінде жасалды. Науқастардың сауығу кезеңі алты айға созылады, бірақ егде жастағы науқастар үшін қалыпқа келу уақыты ұзағырақ болуы мүмкін. Осы кезең өткеннен кейін алғашқы нәтижелерді жариялай аламыз, – деді Вячеслав Огай.

Клиникалық сынақтар академик Н.Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында наурыз айында басталды. Зерттеудің алғашқы екі кезеңі жыл соңына дейін жалғасады. Кейін бірнеше орталықта клиникалық сынақтар өтеді. Оның нәтижесі биомедициналық препаратты тіркеу, оны жаппай өндіру және буындарында жасына байланысты өзгерістері немесе өндірістік жарақат алған қазақстандықтарға кеңінен қолдану мүмкіндігі болуға тиіс. Процедура ақылы да, квота бойынша тегін де болады.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз