Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық ғалым әзірлеген гидрогельді қолдану арқылы алғашқы операция жасалды

Гидрогель, ҚР БҒМ, операция, дің, жасуша, ғылым, Қазақстан ғалымы, отандық ғылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 14:04 Сурет: pixabay
Бүгін Академик Н. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында фибрин гидрогелін қолдану арқылы тізе буынының шеміршегін хирургиялық қалпына келтірудің жаңа әдістемесін клиникалық зерттеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР БҒМ министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл әдістеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021-2022 жылдарға арналған ғылымды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламасы аясында әзірленді.

Бүгін басталған буындарды қалпына келтіруге арналған гидрогельдің клиникалық зерттеулер Ұлттық биотехнология орталығы Н. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп жүзеге асыратын ғылыми бағдарламаның бір бөлігі. Бұл қазіргі таңда БҒМ қаржыландыратын 59 ғылыми-техникалық бағдарламаның бірі екенін де айта кеткен жөн. Оның барлығы нақты өмірлік мәселелерді шешуге бағытталған.ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева

Жаңа әдістеменің негізгі әзірлеушісі – Ұлттық биотехнология орталығының дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячеслав Огай.

Модификацияланған фибрин гидрогелінен, пациенттің өз дің жасушаларынан тұруы гидрогельдің бірегейлігі болып есептеледі. Осының арқасында зақымдалған шеміршекті қалпына келтіру күшейіп, жеделдетіледі. Жаңа техника пациенттердің өмір сүру сапасына жақсы әсер етіп, мүгедектікті азайтады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде тізе буынын эндопротездеуге мұқтаж адамдар саны азаяды. Ұлттық биотехнология орталығының дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячеслав Огай

Дәрігерлер оң жақ тізе буынының артрозы бар 28 жастағы науқасқа ота жасады. Клиникалық сынақтарға барлығы 25 пен 60 жас аралығындағы 80 ерікті қатысады, оның ішінде буындарында жасына байланысты өзгерістері бар егде жастағы адамдар, сондай-ақ кәсіби жарақат алған жас спортшылар бар.

Клиникалық зерттеулер халықаралық клиникалық зерттеулер стандартына (GCP) сәйкес жүргізіледі. Пациенттердің құқықтарын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында пациенттердің жеке деректері жария етілмейді.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда буын ауруларына шалдыққандар саны ұдайы өсіп келеді. Мысалы, статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 5 жылда буындардың жалпы ауруы 100 000 халыққа шаққанда 4223,7-ден 5283,2 адамға дейін өсті. Буын патологиясы егде және қарт жастағы адамдарға ғана әсер етпейді, олар 19 жасқа дейінгі 0,1%, 29 жасқа дейінгі 0,2%, 3,5% - 39 жасқа дейін, ал 50 жастан асқан науқастарда олардың үлесі күрт артады. Буын ауруларының дамуы бірнеше жылға жалғасса, мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Бүгін зерттеудің 1-2 кезеңі басталды, ол 2022 жылдың соңына дейін жалғасады. Одан кейін бірнеше орталықта клиникалық зерттеулер жүргізіледі, оның нәтижесі биомедициналық өнімді тіркеу, оны жаппай өндіру және осы процедураны қажет ететін барлық қазақстандықтар үшін кеңінен қолданылуы тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: