Түркістан облысында дәрігерлерден 32 миллион теңге бопсалағандар анықталды

Түркістан облысы, ақша бопсалау, қылмыс Сурет: Түркістан облысы полиция департаменті
Түркістан облысында полицейлер медицина мекемелерінің қызметкерлерінен ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, күдіктілер жүйелі түрде Мақтаарал және Жетісай аудандарында орналасқан медицина мекемелерінің қызметкерлерінен олардың қаржылық қызметі туралы мәліметтерін таратып, жала жауып, оны жариялау қаупін төндіріп, ақша бопсалаумен айналысқан.

Түркістан облысы, бопсалау, дәрігерлер

Сурет: Түркістан облысы полиция департаменті

Бізге, Криминалдық полиция басқармасына медицина мекемесінің бірінің қызметкері шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер жалған мәліметтерді таратып жариялаймыз, сондай-ақ бақылаушы органдардың жоспардан тыс тексерулерін ұйымдастырамыз деп бопсалап, 32 миллион теңге талап еткен. Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі бопсалау» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды.

Түркістан облысы, қылмыс, ақша бопсалау, дәрігер

Сурет: Түркістан облысы полиция департаменті

Түркістан облысы бойынша ПД КПБ мен ҚР ҰҚКД қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, тергеу жұмыстары жүргізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Жетісай қаласындағы кафелердің бірінде ірі көлемде ақша қаражатын бопсалап алып жатқан Жетісай қаласының тұрғынын, яғни күдіктіні ұстадық. Одан айғақ зат ретінде 32 млн теңге көлемінде ақша тәркіледік.Құрманбек Сахов

Бұдан әрі Шымкент қаласындағы мекемелердің бірінің жанындағы тергеу әрекеттерінің нәтижесінде, ТО ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері, ҰҚКД қызметкерлері және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бірлесіп, екінші күдіктіні – Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстады.

Түркістан облысы, ақша бопсалау, қылмыс, күдікті

Сурет: Түркістан облысы полиция департаменті

Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты жедел-тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз