Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді құрықтады

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 13:39 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында полицейлер тіркелмеген мылтықпен аң аулаған күдіктілерді ұстады.

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз аңшылықпен айналысқан екі тұрғынды ұстады.

Рейд кезінде табиғатты қорғау тобының полицейлері мен орман шаруашылығы инспекторлары мал жайылымы маңында күдік тудырған УАЗ автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру жүргізу барысында көлік ішінде болған екі ер адам қашып кетуге әрекеттенген, алайда көп ұзамай ұсталды.

Оқиға орнынан екі жабайы қабанның мүшеленген еті, тіркелмеген 3 аңшы мылтығы және 30-дан астам оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз аңшылық дерегі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: