Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында медицина қызметкерлеріне арналған оқу семинары өтті

Пресс служба Управления общественного здоровья по Туркестанской област Пресс служба Управления общественного здоровья по Туркестанской област
Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылын түсіндіріп, дұрыс қолдану тұрғысында Түркістан қалалық емханада облыстың медицина қызметкерлеріне оқыту семинары өтті.

Аудан қалалардан келіп қатысқан ақ халаттыларға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жобалық топ жетекшілері дәріс берді. Семинарда жұмыс істейтін барлық азаматтар медициналық сақтандырыла алатындығы айтылды. Елімізде 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетіле бастамақ. Біріншісі – барлық азаматтар пайдалана алатын кепілдендірілген тегін көмек.

Екіншісі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті. Медициналық жүйе консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде бағасы қымбат болып келетін зертханалық қызмет түрлерін, сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационарлық және оны алмастыратын көмекпен қамту, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтиды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыскердің табыс мөлшері қанша болса да толық медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

«Ал, жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет көрсетпейтін азаматтар дербес төлем жасаушылар санатына жатады, сондықтан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу үшін олар бірыңғай жиынтық төлем жасауы қажет. Түркістан облысы бойынша, биыл Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші медициналық ұйымдарға 72 млрд. теңге төленуде. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 9,1 % артық. Жалпы, медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген 74 медицина ұйымдарымен келісімшарт бекіткен болатын. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр.

Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: