Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2019 22:05 Facebook
Ең бірінші кезекте ең төменгі айлық алатын медицина қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріліп отыр.

Ақмола облысында медицина қызметкерлеріне 30 пайыз өсіммен еңбекақы төленді. Бірінші кезекте ең төменгі айлық алатын медицина қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріліп отыр. Бұл туралы «Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола филиалының басшысы Нұрлан Ақылбеков журналистермен өткізген брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брифингте филиал басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2019 жылдың 19 маусымынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекітілгені туралы айтып берді.

"Бұл екі тізімнің айырмашылығына келетін болса, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті минималды стандарттардан тұрады. Мәселен, оған шұғыл көмекке зәру азаматтарға медициналық көмек көрсету, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу, мемлекеттің араласуын қажет ететін қиын жағдайға душар болған науқастарға көмек көрсету және тағы басқа қызметтер кіреді.Соның ішінде, жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек те бар", - дейді Нұрлан Ақылбеков.

Сонымен қатар, ол тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) деп аталатын бұл қызметтер 2020 жылдың басынан бастап іске қосылатынын атап өтті.

Жалпы, кепілдендірілген тегін медициналық көмек сақтандыру жүйесінде дәрежесіне қарамастан еліміздің барлық тұрғыны үшін қол жетімді. Оған жедел медициналық көмек және санитарлық авиация, шұғыл станционарлық көмек, паллиативті көмек кіреді. Бұдан бөлек, жиі таралатын аурлар кезінде, яғни, консультативті-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы және станционарлы көмек, сондай-ақ, туберкулез дертіне шалдыққан кезде медициналық бейімдеу қолжетімді.

"Пакеттердің жаңа үлгісін дайындау барысында еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бір жарым жыл бойы мидицина саласының мамандарымен бірлесіп жұмыс істеді. Қызметтерді сатып алу, ақы төлеу, мониторинг процесін жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады", - деді филиал директоры Нұрлан Ақылбеков.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: