Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Республикалық спорт колледжі жабылмайды – Абаев

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 19:37 Сурет: колледж сайтынан алынды
Алматыдағы Республикалық спорт колледжі өз жұмысын жалғастыра береді. Аталған білім ошағы жабылмайды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр Facebook-тегі парақшасында колледжде оқып жатқан балалар, олардың ата-аналары және жаттықтырушылары оқу орны жабылып қалады деп алаңдаулы болып жүргенін жақсы білетінін жазды.

Сол себепті 27 мамырда Алматыдағы республикалық маңызы бар мектеп-интернаттарды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткіздік. Жиынға спорттық білім беру ұйымдарының директорлары шақырылды. Ашық әрі сындарлы әңгіме нәтижесінде біз бірлесе шешімге келдік. Сонымен, колледж орнына ашылуы тиіс Жаттықтыру орталығы енді сол білім ордасының жанында ашылады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев

Министрдің айтуынша, орталық жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп, спорттық мекемелердің қадамына оң серпін беруі керек. Мұнда талантты спортшыларымыз өзінің спорттық мансабын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алады. Мекеме кешенді ғылыми топтың қатысуымен озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып құрылады.

Одан бөлек, Абаев 2022-2023 оқу жылында бірінші курс студенттерін қабылдау кезінде іріктеу жұмыстарын мұқият жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ ол тәжірибелік кластар мәселесін де қозғады.

2011 жылы колледж жанынан ашылған тәжірибелік кластарға келетін болсақ, бұл сыныптарда оқыған балалар сапалы спорттық білім алып, материалдық базасы стандартқа сай оқу орнында спортпен шұғылдануы тиіс. Дәурен Абаев

Сондықтан аталған сыныптар «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ мен Алматы қаласы Шаңырақ ықшам ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-не ауысады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: