Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да гараж кооперативінде есірткі саудасы әшкереленді

ШҚО, ШҚО полиция департаменті, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 13:05 Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Қаланың гараж кооперативтерінің бірінде облыс орталығының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның гаражын тінту барысында өсімдік тектес заты бар 3 қағаз және 25 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сараптама қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған заттар жалпы салмағы 1 200 грамнан асатын «кептірілген марихуана» есірткісі екені анықталды. Сондай-ақ, ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда өсімдік тектес заты бар бір қағаз пакет табылды, ол сараптама көрсеткендей, салмағы шамамен 1 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы екені белгілі болды.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 27 сәуірде дәл сол гараж кооперативінің жанында есірткіні таратқаны және өсіргені үшін бұрын сотталған 57 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ұсталған адамның белдігінің астынан 3 полимер түйіншек табылған.

Ер адамның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар бір пластикалық ыдыс және құрамы ұқсас 2 папирос табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіден алынған заттар салмағы 135 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты.

Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тандалды. Осы іс бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу). ШҚО ПД баспасөз қызметі

Бұл баптардың санкциясы мүлкін тәркілеумен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: