Темекі сатып алмақ болған студент 10 млн теңгесінен айырылды

ақшасын ұрлап кетті Сурет: unsplash
Мамыр айының басында Семей қаласы Полиция басқармасының 102 жедел арнасына колледждің 19 жастағы студенті хабарласып, 26 жастағы танысы бір реттік электрондық темекі сатып алуға көмектесемін деп 10 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп алғанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу амалдары барысында күдікті өз кінәсін ішінара мойындады. Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз