Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейлік алаяқтар елордалық тұрғынның 137 млн теңгесін жымқырды

алаяқтар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2022 11:07 Сурет: polisia.kz
Елорда тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреулер оның 137 094 000 теңге қаражатын алдап иемденіп кеткенін айтқан. Ер адамның айтуынша, оған телефон арқылы белгісіз екі адам қоңырау шалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың бірі – ер адам өзін қала прокурорының орынбасары ретінде, ал екіншісі – әйел өзін қаржылық бақылау бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған.

Олар оған алаяқтар шотынан ақша алуға тырысып жатқанын және бұл ақшаны сақтау үшін оны банктің кепілдік шотына жіберу керек екенін айтқан.

Осылайша, жәбірленуші өзінің барлық ақшасын 15 рет әртүрлі шоттарға аударған. Жедел-іздестіру шаралары барысында “Сарыарқа” ауданының жедел уәкіл қызметкерлері күдіктілердің бірі – Ресей Федерациясының 33 жастағы азаматын ұстады.

Қылмыстық топтың екі қатысушысы республикадан тыс жерде жасырынып үлгерген. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізілуде. Елорда аумағында қылмыстық топ жалған тұлғалар арқылы банк карталарын рәсімдегені анықталды.

Бір ай ішінде күдіктілер еліміздің әртүрлі банктерінде ашылған 35 банк картасын алған. Алаяқтық әрекеттерден алынған ақшаны олар қолма-қол ақшаға айналдырып, АҚШ долларына айырбастаған. Кейін қаскүнемдер валютаны криптовалютаға айырбастап, Ресей Федерациясына жіберген.

Қазіргі уақытта ұсталған алаяқ тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті түрлі ведомстволардың басшылары мен қызметшілерінің атынан қоңырау шалумен байланысты алаяқтықтың жиілеп кеткені туралы ескертеді. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақтық шараларын сақтауды ұсынады.

Егер сізге осындай қоңырау түссе, ешқандай жағдайда СМС-кодты бермеңіз! Әңгімені үзіп, банктің колл-орталығының ресми телефондары бойынша ақпаратты нақтылаңыз. Барлық қауіпсіздік шараларын қосыңыз, 3Д-Secure, сіздің телефон нөміріңізге СМС-хабарлама жібермей ешқандай төлем жасалмайды. Операцияларды жүргізу үшін осы кодты енгізу арқылы ғана растай отырып, сіз қандай да бір төлем операциясын жүргізе аласыз. Сондықтан мұндай қауіпсіздік әдістерін қосу керек, – деп ескертті полицейлер.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: