АҚШ Ресей мен Беларусьтің 71 компаниясына санкция салды

Ресей, Беларусь, санкция Сурет: pixabay
АҚШ-тың санкциялары ресейлік қорғаныс саласын АҚШ-тың әскери технологияларына қол жеткізуден айыруға бағытталған. Санкциялық тізімге барлығы 322 кәсіпорын енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 маусымда АҚШ Сауда министрлігі санкциялар тізіміне тағы 70-тен астам ресейлік және беларусь кәсіпорнын, соның ішінде ұшақ зауыттары, кеме жасау және ғылыми-зерттеу институттарын қосты, деп жазды Deutsche Welle.

Санкцияға барлығы 71 кәсіпорын, оның ішінде Илюшин атындағы авиациялық кешен, Яковлев атындағы тәжірбиелік-конструкторлық бюро, Рубин орталық кеме техникасы конструкторлық бюросы, «Малахит» теңіз машина жасау бюросы, «Алмаз» теңіз конструкторлық бюросы, «Газпром нефть шельф» компаниясы, Ресей Қорғаныс министрлігінің теңізді зерттеу бас басқармасы және Ресей ғылым академиясының бірқатар құрылымдары.

Мұндай шектеулер ресейлік қорғаныс саласын АҚШ-тың әскери технологиясына қолжетімділіктен айыру және «Ресейді әлемдік қаржылық парияға айналдыру» әрекеттерінің бір бөлігі ретінде енгізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз