Павлодарлық тұрғын ұрланған алтынды сатып алып, полицияға тапсырды

зергерлік әшекейлер Сурет: pixabay
Қала тұрғыны Людмила Горловадан Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ол Павлодар қаласы полиция басқармасы Орталық ПБ тергеушісі, полиция лейтенанты Алуа Рамазанова мен жедел уәкіл Диас Калкамбековке бес миллион теңгеге жуық сомада ірі көлемдегі ұрлықты ашудағы жеделдігі үшін алғыс білдірген бейнеөтініш жолдаған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Полиция қызметкерлеріне зор алғысымды білдіргім келеді. Қызметте табыс, отбасыларына амандық тілеймін, - деді Людмила Горлова.

Павлодар қаласының сауда үйлерінің бірінде алтын бұйымдар ұрланған. Полиция қызметкерлері қылмыскерді қысқа мерзімде ұстады. Ер адам алтын бұйымдарды сатып алушыға тапсырып үлгерген, ал сатып алған адам алтын бұйымдарды полиция қызметкерлеріне ерікті түрде тапсырған.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз