Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

Көліктегі полиция депаратаменті, қаңтар оқиғасы, заңсыз қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 18:03 Сурет: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Жамбыл облысының Шу станциясындағы көлік полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде «Құмөзек-Шу» аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында АКС-74У маркалы автомат пен 5,45 мм калибрлі 19 патрон тауып, тәркілеген.

Ведомство басшысы тексеру барысында автомат қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде Жамбыл облысы полиция департаменті ғимаратынан ұрланғандығы анықталғанын атап өтті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нiң 287-бабы 3-бөлігі, яғни қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: