Қаралы қаңтар: Алматыда полиция ғимаратына шабуыл жасағандардың бірі ұсталды
Сурет: скриншот
Көлік сақшылары қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы қалалық полиция департаменті ғимаратына шабуыл жасағандардың бірін ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Алматы әуежайында қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеп жатқан Көліктегі полиция департаментінің жедел-тергеу тобы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру кезінде Алматы қаласында тұратын 24 жастағы Жамбыл облысының тумасын анықтап, ұстағанын мәлімдеді.
Ұсталған адам 5 қаңтарда басқа қатысушылармен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына қарулы шабуыл жасаған, содан соң сыбайластарымен Алматы қалалық полиция департаментінің ғимаратына барған. Шерушілермен бірге ол полиция департаментінің ғимаратын сағат 06:00-ге дейін қоршауға алды. Кейін ол ұрланған қаруды белгісіз біреуге 40 000 теңгеге сатып жіберген. Оңал Бекиев
Көліктегі полиция басқармасының басшысы ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын, тергеу жүріп жатқанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript