Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай ашық аспан астында концерт өтті

Рәміздер күніне орай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34 Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі
Елордадағы ЭКСПО аумағында Amanat партиясының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Менің Елім» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған 20 мыңнан астам көрермен қатысты.  

0, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Елордалықтар мен қала қонақтарының алдында қазақ эстрадасының танымал жұлдыздарымен қатар жас әншілер де өнер көрсетті. 

Экспо аумағындағы концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Олардың қатарында - Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Raim, Қуандық Рақым, AYREE, Аргоня, Мансұр және Қобыланды, «Алашұлы» тобы, Дана Кентай, Фарида Жолдасова, Зарина Омарова, Prince, Садраддин, 2RAR, AKHA бар.

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Өнерпаздардың үзілісі кезде «AMANAT» республикалық партиялық штабының мүшелері қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, осы жексенбіде өтетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды.

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек атап өткендей, еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. 

«Бәріміз бірге, бүкіл халық болып Мемлекет басшысы жариялаған саяси реформалар бағыты төңірегінде топтасайық», - деді халық қалаулысы.

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Өз кезегінде белгілі тележүргізуші Мақсат Толықбай конституциялық реформа «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Қараңыздаршы, көк туымыздың желбірегені адамды қалай тебірентеді, рух береді! Барлығымыз осы туды биік ұстайық! Қазір еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр», - деді Мақсат Толықбай. 

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Белгілі қазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев те жиналғандар алдында сөз сөйледі. 

«Мен әр азаматтың құқықтары мен бостандықтары бәрінен жоғары тұратын әділетті Қазақстанда өмір сүргім келеді», - деді Абзал Әжіғалиев. 

«Менің Елім» атты мерекелік концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.

«Менің Елім» атты мерекелік концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

«Менің Елім» атты мерекелік концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 23:34

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: