Алматыда екі ауданда бірнеше сағат суық су болмайды

Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Жетісу ауданы Сурет: pixabay
9 маусым күні Түрксіб ауданында, 10 маусым күні Жетісу ауданында суық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Алматы су» МКК мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су мына аудандарда өшіріледі:

  • 9 маусым күні сағат 09:00-дан 21:00–ге дейін Түрксіб ауданы Аймауытов көшесі – Сауранбаев көшесі – Молдағалиев көшесі – Шолохов көшесі – Р. Зорге көшесі – Осипенко көшесі – Ержанов көшесі – Боралдай көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

  • 10 маусым күні сағат 09:00-дан 20:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан Филотов көшесі-Багратион көшесі-Меркулов көшесі, Ақпаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, Шилов көшесі, Жансүгіров көшесі бойындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

Суық сумен қамтамасыз ету қызметі бойынша қысқа мерзімді шектеу жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. «Алматы су» МКК
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз