Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Нұртай ҚР президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі атанды

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, Байқоңыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 14:36 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың реми сайтында жарияланды.

Қайрат Нұртай 1982 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 

Білімі:

2004 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик, 2006 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін заңтану мамандықтарын тәмәмдап, 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2005-2006 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы болған.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі (А корпусы); 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болды.

2021 жылғы шілде айынан бастап Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: