Ерлан Тұрғымбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.
Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады .
1986 жылдан бастап 2000 жылға дейін – Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.
2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тоғызыншы департаменті және Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
2003 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2006 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.
2006 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2012 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
2019 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен награтталған.