Нұр-Сұлтанда мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 17:23 Сурет: Zakon.kz
Елордадағы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз жүйелі негізде сыйақы алу және автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша автокөлік иелеріне арналған №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ведомство қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: