Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны аумағынан шыққан қара түтін халықтың зәресін алды

Нұр-Сұлтан, өрт, құрылыс, түтін, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 17:43 Сурет: видеодан скриншот
Елордада құрылыс нысанынан өрт шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда тұрғындарын шошытқан қара түтіннің видеосы Telegram арналарының бірінде жарияланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, түтін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақкемер көшесі, 31/1, мекенжайынан шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт шыққан маңға 15:19-да жетті.

Өрт сөндірушілер келген кезде құрылыс нысанының шамамен 40-50 шаршы метр болатын ашық аумағында құрылыс материалы (пеноплекс) жанып жатқаны анықтылды. Өрт сағат 15:34-те жойылды. Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: