Ақтөбелік депутат мас күйінде көлік жүргізіп, қызметінен кетті

депутат рөлге мас отырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 09:13 Сурет: pixabay
Мамырдың 20-сы күні депутаттың көлігін полицейлер тоқтатып, ол медициналық тексеруден өтіп, оң нәтиже берген. Жүргізуші кінәсін мойындамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаннан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды Range.

Мамырдың 20-сы күні депутаттың көлігін полицейлер тоқтатып, ол медициналық тексеруден өтіп, оң нәтиже берген.

Ербол Қасымғали өз кінәсін мойындамай, сараптама қорытындысымен келіспеді.

Сот оның кінәсі дәлелденді деп шешіп, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Сонымен қатар, оған 15 күн адмарест тағайындалды.

Осы оқиғадан кейін Қасымғали депутаттық мандатын тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: