Қорғаныс министрлігі жабық әскери қалашықтардың тізімін жаңартады

ҚР Қорғаныс министрлігі, әскери қалашық Сурет: Zakon.kz
ҚР Қорғаныс министрлігі қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтар, шекара бөлімшелері және өзге де жабық объектілер тізбесін бекітуге қатысты бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскери қалашық деген – бір жер учаскесінде орналасқан және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін орналастыру үшін белгілі бір нысаналы мақсатқа ие ғимараттар мен құрылыстар кешені.

Оқшауланған немесе жабық әскери қалашықтар жергілікті атқарушы органдарға немесе ұйымдарға берілген жағдайда, мұндай әскери қалашықтар ашық деп аталады, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өткізу және ішкі объектілік режимдер қолданылады.

Барлығы тізімге еліміздің барлық өңірлеріндегі түрлі құқық қорғау органдарының 68 жабық және оқшауланған әскери қалашығы кіреді.

Мысалы, Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығының екі әскери жабық қалашығы бар. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрлігінің екі әскери қалашығы бар. Шымкентте Қорғаныс министрлігінің бір жабық, екі оқшауланған әскери қалашығы бар.

Толық тізімді Ашық НҚА сайтынан оқи аласыз.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз