Валентина Шевченко UFC чемпионы атағын жетінші рет қорғап қалды

UFC Сурет: Instagram/ufcrussia
Сингапурде өтіп жатқан аралас жекпе-жектен UFC 275 турнирінде қырғызстандық Валентина Шевченко жеңіл салмақта әйелдер арасындағы Лига чемпионы атағын жетінші рет қорғап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бразилиялық Тайла Сантоспен төбелесті.

Жекпе-жек тартысты өтіп, бес раунд қорытындысы бойынша әділ қазылар 48:47, 47:48, 49:46 ұпайын берді. Осылайша Валентина жеңіске жетіп, жетінші рет UFC титулын қорғады.

Шевченко үшін бұл үш жеңіліспен кәсіпқой мансабындағы 23-ші жеңісі болды.

Ал бұл күнгі басты оқиға жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Гловер Тейшейраның екінші дивизиондағы чех Иржи Прохазкамен арадағы жекпе-жек болды.

Қанды жекпе-жек бесінші раундтың аяқталуына бір минут қалғанда мәреге жетті, чехиялық файтер бразилиялықты тұншықтырып, UFC-дің жаңа чемпионы атағын жеңіп алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз