Ердоған Путинмен және Зеленскиймен «астық дәлізін» құруды талқылауға ниетті

Түркия, Ресей, Украина Сурет: Instagram/rterdogan
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келесі аптада Владимир Путин және Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесуге ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгіменің тақырыбы Украинадан астықты экспорттау үшін қауіпсіз дәліз құру мәселесі болады, деп жазды РИА Новости.

Түркияның Ван провинциясында жастар өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінде Ердоған бүгінде республикада 5 миллион тоннаға жуық бидай сақталғанын, бірақ бұл көлем ұлғая түссе жақсы болатынын айтты.

Сонымен бірге, ол Түркияның өзінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ешқандай проблема жоқ екенін баса айтты.

Бүкіл әлем экономикалық тығырықта... Бізде ешқандай проблема жоқ. Біздің қорымызда 5 миллион тонна бидай бар. Біз бұл бизнесті жаңа деңгейге көтеру үшін үшінші елдерге астық жіберуді көздеп отырмыз. Бұл келіссөздер қазірдің өзінде жүріп жатыр. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған

Біріккен Ұлттар Ұйымы астық тапшылығына байланысты азық-түлік дағдарысының қаупі туралы бірнеше рет мәлімдеді. Батыс Ресейді украиндық астықты әлемдік нарыққа жеткізуге қарсы әрекет етті деп айыптады. Мәскеу мұндай айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз