Президент 10 000 доллардан асатын шетел валютасын әкетуге тыйым салатын жарлыққа өзгеріс енгізді

доллар бағамы Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы жарлыққа өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжат Қазақстаннан 10 мың доллардан асатын валютаны әкетуге тыйым салу мыналарға қолданылмайды деген тармақпен толықтырылды:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның құрылымына кіретін ұйымдардың операциялары;

  • ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған және «кері экспорт» кедендік рәсімімен мәлімделген тазартылған алтынды әкету;

  • ЕАЭО мүшесі болып табылатын мемлекет беретін шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған тазартылған алтынды кейіннен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына тазартылған алтынды әкете отырып, экспорттау);

  • екінші деңгейдегі банктердің төлемсіз немесе айналымға жарамсыз қолма-қол шетел валютасын әкетуі;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалған өзге де жағдайлар.

Жарлық 2022 жылғы 13 маусымда күшіне енеді

Бірінші қаулыға сәйкес, Шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер комитеті автомобиль, авиация, темір жол және теңіздегі өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу кезінде бақылауды жүзеге асырады, экспорттың алдын алу бойынша бақылауды жүзеге асыруда үйлестірілген іс-шараларды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге:

  • Ұлттық Банктің әкету күніндегі бағамы бойынша 10 мың доллар баламасынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасы немесе шетел валютасындағы ақша құралдары;.

  • 5, 10, 20, 50 және 100 граммдық тазартылған алтын құймалар және «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталар, сондай-ақ 100 граммнан жоғары тазартылған алтын.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз