Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды

ҚР президенті, Ұлттық құрылтай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 12:16 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 маусым күні «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай (бұдан әрі – Ұлттық құрылтай) Қазақстан Республикасының президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып саналады. Ұлттық құрылтай қызметінің негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау. Ұлттық құрылтай өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алад, – делінген ресми хабарламада.

Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:

  • қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

  • жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;

  • өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Ұлттық құрылтайдың құрамы

Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтайдың төрағасынан, оның екі орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұрады. Қазақстан Республикасының президенті Ұлттық құрылтайдың төрағасы (бұдан әрі – Төраға) болып саналады.

Ұлттық құрылтайдың құрамы

Төраға:

  • Ұлттық құрылтайдың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

  • Ұлттық құрылтайдың отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;

  • Төрағаның орынбасарларына, Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне және хатшысына тапсырма береді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары болып танылады, оның отырыстарының күн тәртібін бекітеді және төрағаның тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатарынан жасақталады. Ұлттық құрылтайдың құрамы кезең-кезеңмен, оның мүшелеріне ротация жүргізу тәртібімен жаңартылып тұрады.

Ұлттық құрылтайдың мүшелері:

  • Ұлттық құрылтайдың жұмыс органына Ұлттық құрылтайдың жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі жөнінде ұсыныстар енгізуге;

  • Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды дайындауға қатысуға;

  • Ұлттық құрылтайдың отырысында қаралатын мәселелерді қоғамда талқылауға және түсіндіруге қатысуға құқылы.

  • Ұлттық құрылтайдың мүшелері өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқылы емес.

Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы:

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы болып саналады.

  • Ұлттық құрылтай отырыстарының күн тәртібі мен бағдарламасының жобасын қалыптастырады;

  • Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық ұсынымдар мен ұсыныстардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

  • Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

  • Ұлттық құрылтайдың қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

  • жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады және алады;

  • Ұлттық құрылтай қабылдаған ұсынымдар мен ұсыныстардың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;

  • Ұлттық құрылтай қызметінің шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

  • Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: