Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы белгілі болды
![Жаңа құрам, Үкімет , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 17:40](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-9f55889c-24a6-42e7-9557-1d6003065278/800x451.webp)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тағайындалсын:
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары;
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің басшысы;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.