Жаңалықтар тізбегі
0

Бразилия радиосынан Димаштың әндерін тыңдауға болады

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2022 11:10 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Биыл мамыр және маусым айларында Димаш Құдайберген орындайтын «Я скучаю по тебе» «О’кей» және «S.O.S» әндері күн сайын Бразилиялық Correio 98 FM радиосының эфирінде қойылып жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал 24 мамырда радио Димаш туралы арнайы бағдарлама өткізді. Ол бағдалама әншінің орындауындағы «S.O.S» әнімен ашылды. Радиожүргізушілер Димашты үлкен вокалдық диапазоны бар әнші ретінде таныстырып, артистің түрлі музыкалық жанрда және әлемнің көптеген тілінде ән шырқайтынын айтты.

Dimash Qudaibergen FC Brasil фан-клубының Dears жобасы Димаштың әндерін Бразилияның ірі радиостанциясында таратуды мақсат етті. Осылайша олар қазақстандық орындаушының шығармашылығын өз елінде барынша насихаттағысы келген.

Сонымен қатар осы жоба аясында Бразилияның танымал «Extra» газетінде Димаш пен оның шығармашылығы туралы бірнеше материалдар жарық көрді. Ең кейінгі басылым 2022 жылдың наурыз айында жарық көрді және онда әншінің пандемиядан кейін сахнаға оралғаны, Дубай, Дюссельдорф және Прагадағы жаңа концерттері туралы жазылған, – деп хабарлады Dimashnews.com сайты.

Айта кетейік, Correio 98 FM радиосы Бразилияда алғаш рет 1983 жылы эфирге шыққан. Радиостанцияның Штаб-пәтері Кампина-Гранди қаласында орналасқан. Дәл осы жерде әлемдегі ең үлкен Сент-Джон фестивалі өтеді. Онда жыл сайын бүкіл әлемнен миллионға жуық адам жиналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: