Чили радиосында бір айы бойына күн сайын Димаштың орындауындағы әндер беріледі

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 19:55 Сурет: dimashnews.com
Маусым айы бойында күн сайын танымал Чили MIX TV радиосының эфирінде атақты отандасымыз Димаш Құдайбергеннің композициялары беріліп отырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чили радиостанциясында Димашқа арналған алғашқы эфир өткен жұмада, 2 маусымда өтті. Бұл Dimash Latin Dears фан-клубының қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Енді маусым айында Димаштың орындауындағы композициялар күн сайын таңғы 7-ден 10-ға дейін эфирден беріледі.

"Біз Димаштың әндері Чили радиосында ұзақ уақыт бойы шырқалатынына өте қуаныштымыз! Сонымен қатар, Димашқа арналған бағдарламада тек әндер ғана емес, Dears-тің құттықтаулары мен әртістің шығармашылық өмірбаяны баяндалады!",- деп бөлісті Dimash Latin Dears.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: