Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

Димаш Құдайберген, түрік, Yazgı, музыкалық чарттар, көшбасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 21:51 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстан мен Қырғызстанның Халық артисі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы түрік тіліндегі "Yazgı" атты жаңа ән бірнеше елде музыкалық чарттардың көшбасына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Менің жаңа "Yazgı" әнім iTunes чарттарының шыңын бағындырып жатыр. Мажарстанда - бірінші орын, Румынияда - бірінші орын, Латвияда үздік үштікке енді. Әрбір стрим, әрбір сатып алу және әрбір хабарлама менің музыкамның әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарға жетуіне көмектеседі. Махаббаттарыңыз бен сенімдеріңіз және сарқылмас қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жетістік - баршамызға ортақ!" делінген жазбада.

Жанкүйерлер жазба астына жарыса пікір қалдырып, әншінің жаңа туындысын жоғары бағалап, ал әннің өзін әдемі әрі әсерлі деп атауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: