Димаштың Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірген жаңа бейнебаяны жарық көрді

Димаш, жаңа бейнебаян, Тау ішінде, Сәкен Сейфуллин, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 21:50 Сурет: видеодан алынды
Қазақстанның Халық әртісі, әлемге танылған Димаш Құдайбергеннің көптен күткен жаңа бейнебаяны жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 15 мамырында Димаш Құдайберген белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің  "Тау ішінде" әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Премьераның шығуына орай Димаш челлендж жариялады: трекке түсірілген ең қызықты және көп қаралған видео үлкен сыйлыққа ие болады!

Қорытындысы 26 мамырда Алматыда өтетін концертте/фан- кездесуде жарияланады.

Комедиялық туындыда Димаштың шығармашылығына ғашық қыздың шытырман оқиғасы баяндалады. Бейнебаян соңында Димаш бетіне тиген "торттан дәм татады".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: