Офицер мұзды суға құлаған баланы құтқарып қалды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Әскери-теңіз базасының рота командирі капитан Ағабек Мақұлбек мұзды суға құлаған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, арты қайғылы жағдайға ұласа жаздаған оқиға Ақтауда болған.
Ведомствоның мәлімдеуінше, қайыққа отырмақ болған бала аяғы тайып, теңізге құлап кеткен. Көмекке шақырған анасының дауысын естіген капитан Мақұлбек оны құтқаруға ұмтылды.
Менің орнымда кез келген азамат сондай іс жасайтын еді. Алғашқы мақсатым баланы құтқару болды. Баланы судың бетіне алып шықтық.Әскери-теңіз базасының рота командирі капитан Ағабек Мақұлбек
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript