Семейде студент пен оқушы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Семейде мектеп оқушысы Ертіске батып кете жаздады. Оны сыныптасы мен студент құтқарып қалды. Құтқарушы жігіттер дипломмен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 1 мамыр күні болған. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, мектеп оқушылары Ертіс жағасында серуендеуге бел буған. Олардың бірі бетон блоктан суға секіріп, бата бастаған.
Кенеттен сол кезде жақын жерден құрылыс колледжінің студенті өтіп бара жатқан. Ол суға батып бара жатқан адамға көмекке ұмтылған. Жағада тұрған сыныптасы зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Кейін оқушы облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство азаматтарға суда жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Ата-аналар балаларымен су айдындарында шомылу ережелерін сақтау туралы түсіндірме әңгіме жүргізуі қажет. Төтенше жағдайда 112 телефоны арқылы құтқарушыларға хабарлау керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript