Семейде оқушы суға батып бара жатқан сыныптасын құтқарып қалды

Семей, Ертіс, оқыс оқиға, суға бату, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2022 13:41 Сурет: Семей қаласы полиция басқармасының баспасөз қазметі
Семейде Ертіске батып кете жаздаған 7-сынып оқушысын сыныптасы құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 мамырда Әуезов аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне кәмелетке толмаған баланың суға батып кеткені туралы куәгерден шағым түскен.

Бірақ, қуанышқа орай, полицияға түскен ақпарат расталмады – бала дін аман, деп жазды arnapress.kz.

«11 жастағы бала алғашқы медициналық көмек көрсете білген сыныптасы, №11 мектептің 7-сынып оқушысы Омаров Руслан Нұрғалиұлының арқасында тірі қалды», – деп хабарлады Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальоны суға батып кете жаздаған баланы жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: