Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан латын әліпбиіне қашан көшеді – президент жауап берді

Ұлытау облысы, Ұлттық құрылтай, латын графикасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2022 17:22 Сурет: assembly.kz
Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу мәселесін де қозғады. Президент алдымен қазақ тілінің жаңа орфографиясы туралы арнайы еңбек әзірлеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тілге байланысты тағы бір маңызды мәселе. Бұл – латын әліпбиіне көшу туралы. Кейбір қоғам өкілдері біз әлі күнге дейін кириллицадан арыла алмай жатырмыз деп, алаңдаушылық білдіруде. Бірақ, ең алдымен, бұл – лингвистикалық тұрғыдан өте күрделі мәселе. Осыны жақсы түсінген жөн.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент бұған дейінгі латын графикасына көшу әркеті сәтсіз болғанын атап өтті.

Кириллицадан латын әліпбиіне жасанды түрде, тек сәйкес әріптерді өзгерту арқылы көшуге болмайды. Әйтпесе, бұл үлкен қателікке апарып соғады, – деді президент.

«Тілімізге арналған орфографиялық қағидаларды қайта қараған жөн» деген президент Тіл білімі институтына қазақ тілінің жаңа орфографиясы туралы арнайы еңбек әзірлеуді тапсырды. Президент «содан кейін ғана латын әліпбиіне ауысу жөнінде айтуға болатынын» атап өтті.

Асығыстыққа жол бермеуіміз керек. Тіпті, көшедегі билбордтар мен министрліктердің атауына қарасақ та жеткілікті. Тіліміз бұрмаланып кетті. Ашығын айту керек, бұл қазақ тілінің табиғатына жат, тіпті, тілімізді мазақ қылу сияқты көрінеді. Мұндай үстірт жасалған тіл реформасының қажеті жоқ. Бізге нақты реформа керек, – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: