Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық ҰОС ардагерлері енді тісін тегін емдетуіне болады

стоматология, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 18:20 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы әкімі Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға қаражат бөліп, стоматологиялық көмекті қолжетімді етуге уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, бүгінде Ұлы Отан соғысының барлық ардагері ерекше бақылауда. Оларға дәрігер бекітілген, олар ай сайын үйлеріне келіп, тексеруден өтеді.

Дегенмен Досаевтың айтуынша, дәрігерлер мегаполистегі барлық зейнеткерді әзірше тексере алмайды. Өйткені көптеген мемлекеттік емханалар жүктемесі көп.

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкіміне тіс дәрігеріне қаралуды ең болмағанда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін қолжетімді ету туралы ұсыныс түсті.

Әр емханада стоматологияны ұйымдастыру оңай емес. Біз кабинеттерді жабдықтау былай тұрсын, белгілі бір топтағы адамдарға тұрақты жұмысқа тіс дәрігерін жалдай алмаймыз. Әңгімелесуге тырысайық, бәлкім, біз барлық стоматологиялық институтқа Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды қолдау үшін қосымша тапсырыс береміз. Меніңше, олардың жалақысын төлеуге мүмкіндігіміз бар, олар ардагерлерге белгілі күндер мен сағаттарда қызмет көрсетеді. Мен жеке нұсқау беремін, оны бір айда анықтап, схемасын бере аламыз деп ойлаймын.Алматы әкімі Ерболат Досаев

Қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғалар, I, II, III топтағы мүгедектігі барлар, зейнеткерлер тек төтенше жағдайларда ғана тегін стоматологиялық көмек ала алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: