Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің үшінші мегаполисінде «Шымкенттің шырайы – Шәмші» атты концерт өтті

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2022 18:23 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала күніне орай «Шымкенттің шырайы – Шәмші» атауымен композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концерт өтті. Мерекелік шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадүр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі жиылғандарды атаулы мерекемен құттықтап, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық дамуына зор үлес қосқаны үшін «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын 10 азаматқа табыстады.

Қала күні – қала халқы үшін ерекше мереке. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі іс-шаралар апта бойы өтіп жатыр. Солардың ішінде айрықша атап өтетін салтанатты концерт – ұлтымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың рухына бағышталады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқажоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Халқымыздың ұлы тұлғасына, қазақ музыкасына көрсетілген құрметпен баршаңызды құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер! Халқымыздың бағына туған Шәмші ағамызға арналған концерт аясында, қала күні қарсаңында бүгін біз дәстүр бойынша «Шымкент қаласының құрметті азаматы» мәртебесін салтанатты түрде марапаттағалы отырмыз. Төрт жыл бұрынғы тарихи шешім өзінің өміршеңдігін көрсетті. Мұрат Әйтенов

Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2022 18:23

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ол төрт жылда қаламызда тұрғындар саны 12 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, қала бюджеті 3,9 есеге артқанын баса атап өтті.

Шәмші әндері, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2022 18:23

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Барша жетістік тұрғындардың белсенділігі мен қолдауының арқасында болып отыр. Талай жылдар бойы қаншама ұрпақтың терімен тұрғызылған қаламыз жылдан жылға дами берсін. Шәмшінің әуезді әндері әрбір үйдің қуанышында шырқалсын! Мұрат Әйтенов

Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2022 18:23

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығармашылық кеште елімізге еңбек сіңірген жұлдыздар - Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Нұрғали Нүсіпжанов, Медеу Арынбаев, Уралхан Сейілбекова, Нұржамал Үсенбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Бауыржан Исаев секілді өнерпаздар өнер көрсетті.

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2022 18:23

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: