Нұр-Сұлтанда Ескендір Хасанғалиевті еске алу кеші өтті

Еске алу кеші, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 17:13 Сурет: gov.kz
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның Халық әртісі, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтың шығармашылығына және оны еске алуға арналған «Атамекен» музыкалық кеші өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ескендір Хасанғалиев бүкіл өмірін өнерге және қазақстандық мәдениетті дамытуға арнаған. Композитордың әндерімен өскен ұрпақ бүгінде оның бай мұрасын қадірлеп, қастерлейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Ескендір ағамызды еске алуға арналған концерт қатты ұнады. Кеш өте керемет өтті. Әншілердің бәрі Ескендір ағамыздың шығарған әндерін жақсы орындап, халықтың көңілінен шыға білді. Сондықтан халық Ескендір ағамызды еш уақытта ұмытпайды, әндері де ұмытылмайды. Келесі ұрпаққа мәңгі үлгі болды. Ескендір ағамыздың бүгінгі кешінде шырқалған әндерден керемет әсер алдық. Әсіресе өзінің ұлы мен немересінің айтқан әні де халықтың көңілінен шықты. Оларды көргенімізге өте ризамын», - деді қала тұрғыны Клара Батыралиева.

Кеш барысында Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен», «Анаға сәлем», «Бозторғайым», «Әдемі-ау» секілді танымал әндері әуеледі.

Сахна төрінде отандық эстрада әртістері өнер көрсетті. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, Клара Төленбаева, Гүлнұр Оразымбетова, «МузАрт» және «Gentlemen» топтары, Әлібек Әлмадиев, Әділхан Макин, Зарина Божакова, Айдын Жұмабай, Гүлсім Мырзабекова, Жандос Айдынұлы, композитордың ұлы мен немересі Біржан мен Нұрсұлтан Хасанғалиевтер, Мұратбек Хайролла, Айсұлу Жак, Медет Салық, Перизат Тұрарова, Әлинұр Хамзин, Расул Жармағамбетов, Татьяна Вицинская, Айбар Қайырхан, «Айналайын» балалар хоры бар. Әндер Президенттік оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: