Даңқты композитор Ескендір Хасанғалиевтің өмірі туралы 11 тараудан тұратын кітап жарыққа шықты

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында даңқты композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған Біржан Хасанғалиевтің "Ескендир Хасангалиев. Жизнь в музыке. Музыка в жизни" атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға қазақ өнерінің майталмандары, белгілі музыканттар, орындаушылар, Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен жақындары, кітап авторының әріптестері мен достары қатысты.
Кітап 11 тараудан тұрады. Онда композитордың өмірі мен шығармашылық жолының әрбір кезеңі бүкпесіз баяндалған. Сонымен қатар кітапқа оның естеліктері мен фотосуреттері,әндері мен романстарының толық тізімі енген.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасың қорынан "Ән болып жеткен Есаға" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы композитор әндері мен романс ноталары, музыкалық жинақтары және естеліктер мен суреттері қойылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript