Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысының бір ауылында барлық тауық қырылып қалған

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2022 11:45 Сурет: pixabay
Өршіген белгісіз ауру алғаш рет бірнеше ай бұрын Ресеймен шекаралас Ленин ауылында төбе көрсеткен. Бұл туралы ауыл тұрғыны Елена Едикова дабыл қақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті мал дәрігері бірнеше өлген тауықты сараптамаға алды. Оның нәтижесі бір-екі аптадан кейін белгілі болады, деп хабарлайды Костанайские новости.

Мен тауықтар мен бройлер өсіремін. Құстарды жақсы күтіп-баптап ұстаймын. Осы аптада есік алдына шықсам тауықтарым шашылып жатыр. Екеу, үшеу емес, жиырмасы бір-ақ! Бір түнде көршімнің де барлық 30 тауығы өлді. Ал келесі күні таңертең менікінің барлығы қырылып қалды. 50 тауығымнан айырылдым, енді қазір бройлер өліп жатыр. Қазіргі уақытта біздің ауыл толығымен тауықсыз қалды десе де болады. Елена Едикова

Аталған жағдайға ауданның ветстанция директоры Нұрлан Қыстаубаев түсініктеме берді.

Иә, құстар жылдың басында ауыра бастады. Негізінен, тауықтар. Сәуір айында 100 данасы өлді. Олар талдауға алынбады, өйткені адамдар оның көзін жойды. Нұрлан Қыстаубаев

Осыған ұқсас жағдай ағымдағы жылдың сәуір айында Қарабалық ауданында орын алды. Содан кейін ветеринарлар құстардың улану ықтималдылығын айтты. Облыстық ветеринарлық басқарманың мәліметінше, клиникалық белгілер Ньюкасл ауруына келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: